Оқиға • 08 Маусым, 2021

Елорда тұрғыны сатқан көлігін өзі ұрлап кеткен

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғыны жақында алған Kia Rio көлігінің ұрланғаны туралы полицияға шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғыны сатқан көлігін өзі ұрлап кеткен

Ол құлыптаулы машинаны Сарыарқа ауданындағы үйлердің бірінің ауласына қояды. Бірақ таңертең көлігінің орнында жоқ екенін байқаған. Жәбірленуші 2 миллион теңгеге шығындалғанын айтады. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, тергеушілер бейнебақылау камерасы арқылы автокөліктің таңғы уақытта, шамамен сағат 5:00-де ұрланғанын анықтаған. Ұры машинаның есігін арнайы құрылғымен емес, кілтпен ашқан. 

Көп ұзамай қылмыскердің жеке басы анықталды. Ол Kia-ның бұрынғы иесі болып шықты. Тергеу кезінде ер адам көлікті сатқаннан кейін кілттің көшірмесін алып қалғанын, әрі жаңа иесінің мекенжайын біліп алғанын мойындады. Күдікті көлікті жалға алған гаражға жасырып, кейін Қостанайға жеткізген. Полицейлер Kia-ны аталған қаладан тапты.

Енді көлік ұрлаған азамат жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше