Экономика • 09 Маусым, 2021

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына кірді

1110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына кірді

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан 2022-2024 жылдарға БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына сайланды», делінген СІМ хабарламасында.

Кеңес БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті мәселелер бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң саналады.

СІМ мәліметі бойынша, Қазақстан орнықты дамудың жаһандық мақсаттарын тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық мәселелерді шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Кеңеске мүше болу Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларында табысты әлемдік тәжірибені тартуға ықпал етеді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша кеңес мүшелері Ауғанстан, Белиз, Бельгия, Үндістан, Италия, Канада, Кот-д'Ивуар, Маврикий, Оман, Перу, АҚШ, Танзания, Тунис, Хорватия, Чехия, Чили және Эсватини болды. Қазақстанды 180 мемлекет қолдаған.

Бұған дейін Қазақстан 2007-2009 және 2014-2016 жылдар кезеңінде екі рет сайланды.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25