Қоғам • 09 Маусым, 2021

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

«ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот мынаны қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда 9 айға ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын», деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

Еске сала кетейік, 8 маусымда мамандырылған ауданаралық тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Прокурор соттан бұрынғы министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созуды сұрады.

Одан бөлек, мемлекеттік айыптаушы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау жағдайын күшейтіп, жақын туыстарынан басқа адамдармен сөйлесуіне тыйым салуды, сондай-ақ медициналық ұйымдармен байланысуды есепке алмағанда, оның үйден шығыуына тыйым салуды сұрады.

Сондай-ақ ҚР Бас прокурорының орынбасары бұл іс бойынша тергеу мерзімін 2021 жылдың 1 тамызына дейін ұзартқаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25