Әлем • 09 Маусым, 2021

БҰҰ бас хатшысы екінші бесжылдық мерзімге сайланбақ

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесі қазіргі бас хатшы Антонио Гутерриштің екінші мерзімге қайта сайлануын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ бас хатшысы екінші бесжылдық мерзімге сайланбақ

Қауіпсіздік кеңесі Бас Ассамблеяға Антонио Гутерришті екінші бесжылдық мерзімге БҰҰ бас хатшысы етіп тағайындауды ұсынды: 2022 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Шешім бірауыздан қабылданды. Бас Ассамблеяда дауыс беру 18 маусымға жоспарланған.

«Кеңес мүшелеріне маған деген сенімі үшін өте ризамын. Бас Ассамблея маған екінші мандат міндеттерін сеніп тапсырса, өте қуанар едім», делінген Гуттериш мәлімдемесінде.

Бұл лауазымға қазіргі бас хатшыдан бөлек тағы 10 кандидат үміткер болған, бірақ олардың ешқайсысы ресми түрде БҰҰ-ға мүше елдерден ұсынылған жоқ.

Антониу Гутерриш – португалиялық саясаткер. БҰҰ бас хатшысы лауазымына 2016 жылы 13 қазанда оның кандидатурасын Қауіпсіздік кеңесінің ұсынымы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткеннен кейін 2017 жылы 1 қаңтарда кірісті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысымен келіссөздер барысында Қазақстан Антониу Гутерриштің екінші мерзімге кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25