
Биылғы талапкерлердің бағыма, бақыты ма, олардың тестілеуден екі ретөтуге мүмкіндігі бар әрі ҰБТ тапсыратын күні мен уақытын өздері таңдайды. Нәтижесінде, тестіленуші мемлекеттік білімберу грантын тағайындау конкурсына ең жоғары балл жинаған сертификатын ұсына алады. Бұл үміткерлерге грантты жеңіп алуын жеңілдететіні сөзсіз.
Тестілеудің жаңа форматы
Білім және ғылым министрлігінің жақында, нақтырақ айтқанда, 7 маусымда таратқанақпаратына сүйенсек, түлектердің 130 мыңнанастамы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Олардың96 пайызы, яғни 123 688 талапкер қазірдің өзіндетестілеуден өтіп үлгерген. Оның ішінде басымбөлігі (92 458 түлек) тестілеуді қазақ тілінде,
30 967-сі орыс тілінде, 263-і ағылшын тіліндетапсырды. Биыл мамырдың 23-індегі көрсеткішбойынша да түлектердің көбі (52 512 талапкер) ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған. Ал 19 622 талапкер орыс тілінде, 182-сі ағылшын тіліндетестілеуден өтті.
2021 жылғы ҰБТ-ның басты жаңалығы – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етумақсатында тестілеудің компьютерлік форматтаөткізілуі. Бұл жөнінде Білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетов: «2019 жылыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіқатысқан Тамыз кеңесінде Ұлттық бірыңғайтестілеуді сапалы ұйымдастыру туралытапсырма берген болатын. Соған сәйкестестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрібарынша ашық өткізу көзделді. Біз қазір осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіпотырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүргенсын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологиялардықолдана отырып, үлкен өзгерістер енгіздік», деген еді.
Негізі осы формат талапкерлер арасындағыбіраз тәртіп бұзушылықтарды анықтап, оңайжолмен жоғары балл жинау секілді қитұрқылықтардың алдын алды. Оған жауаптыведомствоның 7 маусымдағы дерегінен де көзжеткізуге болатындай. Онда 224 түлектіңтестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшінҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылғаны жәнетестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан563 адам шығарылып, тестілеу нәтижелерініңжойылғаны хабарланған.
Екінші жағынан жаңа форматтағы ҰБТ талапкерлерге тиімді және ыңғайлы. ӨйткеніҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейінбірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Бұдан бөлек талапкер қатежауап берген сұрақтарды көре алады. ҰБТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкеркелесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш беруге құқылы.
«ҰБТ электронды форматта өтіп жатыр. Бұл не берді? Бұған дейін балалар қағаз жүзінде тест кітапшаларын алып, одан кейін тиісті парақтардажауаптарды бояу арқылы тапсыратын. Тест кітапшаларын басып шығаратынбыз, кітапшаларжеткенге дейін әртүрлі тәуекелдер де болатын. Екіншіден, 2 мыңға жуық кезекші мұғалім жаздабір өңірден екінші өңірге жіберілетін, оған үлкенқаражат бөлінетін және мұнда да әртүрлітәуекелдер болатын. Үшіншіден, бұл – ашықтық. Қазір көріп отырсыздар, әр ата-ана баласыныңқалай тапсырып жатқанын онлайн бақылайалады. Әр балада бір компьютер, бір бейнекамера бар, прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Сондықтан көшіріп алу дегенсияқты академиялық адалдық қағидаларынбұзуға ешқандай мүмкіндік жоқ», деді министр.
Педагог мамандығына түсу балы жоғары
Биыл педагогикалық мамандықтарға оқуға түсуталаптары қатаңдатылды. Себебі болашақ педагогтердің шәкіртақысы өзгелердікінен ерекше, 42 мың теңге болып бекітілді. Осыған орай еңмықты талапкерлер мұғалім болуды таңдайбастағаны байқалады. Министрліктің мәліметінше, мұғалім мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны 2 есеге артқан. Сәйкесінше бәсекелестік жоғарылады. Енді педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талапкерлер ҰБТ-дан кемі 75 балл жинауы керек. Соған қарамастан түлектер мұғалім мамандығын таңдап жатыр. Соның бірі – ҰБТ-дан 137 балл жинаған Қарағанды қаласындағы №61 жалпыбілім беретін мектептің түлегі Әділсамат Абитаев. Ол мұғалім болуды қалайды.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, өмірдеөз орныңды тауып, табысты тұлға болу. Биылғы тестілеуге келсек, мүмкіндік көп. ҰБТ аяқталғанға дейін жауаптарын өзгертіп, алдыңғы сұрақтарға оралуға болады. Егер бұрын тестіленушілер жауап парақтарын бояуға көпуақыт жұмсаса, қазір олай емес. Және бұған дейін жауап парағын сканермен тексеру кезіндедұрыс толтырылмаған нұсқаларының есептелмей қалуы сияқты жағдайлар кездесетін. Электронды формат арқылы біз өз нәтижелерімізді ҰБТ аяқтала сала білдік. Кейбір таныстарым тестілеу аяқталғаннан кейін бірденапелляцияға берді. Бұл олардың уақытынайтарлықтай үнемдеді», деді Ә.Абитаев.
Қашықтан оқыту
және тестілеу
Былтырғы карантиндік шектеулер білім беру саласындағы сапаға кері әсер еткені анық. Онлайн және қашықтан оқу кезінде бітірушісыныптың оқушылары ҰБТ-ны ұмытқандай болып еді. Ата-аналардың алаңдауы бар, мұғалімдердің, қоғам белсенділерінің ашық пікірлерінен кейін Білім және ғылым министрлігі 11 және 12-сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқыту туралы шешім шығарды. Бұл өз кезегіндеталапкерлердің тестілеу нәтижелерін де жақсартуға септігін тигізген. Мұны ҰБТ-дан ең жоғары 140 балды жинаған Павлодардағы Білім-инновация лицейінің түлегі Данияр Уәлиев те растап отыр.
«Оқу жылының басында қиын болды. Өйткені пандемияға байланысты бәріміз онлайн оқыдық. Ондай формат дәстүрлі білім беруге жетпейді ғой. Бірақ ұстаздарымыз барын салды. Үшінші тоқсаннан бастап лицейге барып оқығанымыз жақсы болды. Әуелде, сол оқу жылының басында ҰБТ-дан 70 балдың жобасында жинапжүрдім. Сәуір айында 110 балға жеткіздім. Мамыр айында 120-125 балл жинай бастадым. Дәстүрлі форматта оқып жүріп тестілеуге дайындалуымыз нәтиже берді. Бірақ тест тапсырмалары қиын, сондықтан ешқашан еңжоғары балл жинап көрмедім. Басында сенбедім. Алайда солай болды. Мұнда бір сәттіліктіңболғаны анық», дейді Д.Уәлиев. Иә, бағы мен бабы қатар шапты деген осы шығар.