Қылмыс • Бүгін, 16:28

Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында түйе ұрлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Арал аудандық соты оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін мүлікке қатысты ауыр қылмыс үшін сотталған азамат қайтадан заң бұзған. Ол бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қоршаудан асып өтіп, тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, түйені ұрлап кеткен.

Қылмыс салдарынан мал иесіне 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Тергеу мен сот барысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Оның ішінде күдіктінің өз мойындауы, жәбірленушінің және куәгерлердің жауаптары, сондай-ақ жиналған дәлелдер негізге алынды.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соңғы жаңалықтар