Ауа райы • 11 Маусым, 2021

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 12-14 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті. Алайда, Скандинавия өңірлерінен келетін суық антициклонның әсерінен, елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді. Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5...13°С-қа дейін, күндіз 20...28°С-қа дейін төмендейді.

Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін», деді Қазгидрометтен.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35