
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Үкіметке жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарынатағылымдамадан өтуге жіберуді тапсырған еді. Білім жәнеғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен аптадағыхалыққа есеп беру кездесуінде:
– Ғылым саласында қолға алынған маңызды бастаманыңбірі – ғалымдарға арналған тағылымдама. Осы бастаманы«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы іскеасырады Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылғы 15 сәуірде Шетелде кадрларды даярлауреспубликалық комиссиясының шешімімен «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 2021 жылға тағылымдаманың«Ғалымдар» санаты бекітілді, – деп мәлімдеді.
Енді іріктеу қалай жүргізілмек? Ең маңыздысыүміткерлерге қандай талаптар қойылады? Бұл сұраққа«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығыныңпрезиденті Айнұр Кәрібозова:
– Президент тапсырмасы нормативтік тұрғыдан 2021 жылы пилоттық форматта «Болашақ» бағдарламасының тағылымдамасы шеңберінде 2020 жылғы 6 мамырда Үкімет қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясынаүміткерлерді іріктеу ережесінің негізінде жүзеге асырылады. Биыл бұл ережеге нақты осы тағылымдама санаты бойыншақосымша толықтыру-өзгерістер енгізу көзделген. Сөйтіп жоғарыда министр айтқандай, ғалымдарға арналған жаңа санатенгізілді. Осы санатпен қатар 2021 жылғы конкурстықіріктеуге тағылымдаманың педагогикалық қызметкерлер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, инженерлік-техникалық қызметкерлер және мемлекеттік қызметкерлерсанаттары бекітілді. Ал үміткерлерге қойылатын бастыталаптар қатарында «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 2021 жылға бекітілген Басымды мамандықтартізіміндегі мамандық бойынша әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары және «Болашақ» бағдарламасыныңшеңберінде оқуға ұсынылған ЖОО жанындағы ғылымиорталық-зертханаларға тағылымдамаға шартсыз негіздешақыру хатын, мемлекеттік тілді игеру деңгейі КазТесттіңкемінде B1 сертификатын ұсыну, ең аз дегенде 3 жылдықеңбек өтілінің болу талабы бар және соңғы 12 айытағылымдама бағытына сәйкес келуі тиіс, – деп жауап берді.
Орталық басшысының бізге берген жауабына сүйенсек, «Ғалымдар» санатына үміткерлер Қазақстанда ғылыми-зерттеу жүргізіп жатқан азаматтар болуы керек. Тағылымдамаға үміткерлер конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, стипендия иегері атанған жағдайда тағылымдамаға жұмысберушісі жолдап, жұмыс орны сақталады екен. Айтпақшы, барлық іріктеуден сәтті өтіп, тағылымдамаға аттанатын ғалымдар, кепілдік шартының нысаны ретінде жылжымайтынмүлік ұсынуға міндетті емес. Бар болғаны кепілдігер ретіндеталапқа сәйкес екі жеке тұлғаны ұсынса жеткілікті.
Ғылым комитетінің басшысы Жанна Құрманғалиева тағылымдамаға қатысты жазған әлеуметтік желідегі жазбасындааталған санатқа құжаттар қабылдаудың 4 мамырданбасталғанын жеткізді.
– Тағылымдаманы іске асыруға бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Құжаттарды қабылдау биылғы 4 мамырданбасталды, конкурс 2021 жылдың 28 қазанына дейінжалғасады. Қабылдау және үміткерлерді іріктеу процесітолығымен автоматтандырылған. Іріктеу туры кешенді тестілеуден, тәуелсіз сарапшылық комиссияның мүшесіменжеке сұхбаттан, құжаттардың шетелдерде кадрлардыдаярлау бойынша республикалық комиссияның отырысындақаралуынан тұрады. Құжаттар www.e.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін келесідейқұжаттар пакетін ұсынуы тиіс: жеке куәлік және төлқұжат; медициналық анықтама; әлемдегі жетекші ғылымиорталықтың сөзсіз шақыруының болуы; тағылымдамабағдарламасы; жұмыс берушінің өтініші; қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы; еңбек қызметін растайтынқұжаттар, – деді комитет өкілі.