Аймақтар • 15 Маусым, 2021

Мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт – Мұрат Әйтенов

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көшелерді жарықтандыру  бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт – Мұрат Әйтенов

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің (1758 шақырым) 220 көшесі (516,7 шақырым) жарықтандырылған.

Өткен жылы 43 көше (87 шақырым) жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 25,5 %-дан 29,5 %-ға өсті. Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жылдары 303 көшені  (520 шақырым) жарықтандыру жоспарланып отыр.

«Көшелерді жарықтандыру қаламыздың түнгі көркін аша түсетіні сөзсіз. Көркінен бұрын халықтың көңіл күйі мен қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Әсіресе мектептер мен балабақшаларға баратын жолдардың жарық болуы шарт. Осыны естен шығармаңыздар. Жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырамын және қадағалап отырамын», деді қала әкімі.

2021-2023 жылдарға арналған жарықтандыру жобасының құны – 16,4 млрд теңге.  Жоба аясында энергия үнемдейтін LED шамдарын сондай-ақ, тозған бағаналарды жаңасына ауыстыру 100 %-ға орындалып, диспетчерлік орталық құру арқылы бір орталықтан басқаруға қол жеткізілмек.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қалада жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жететін болады.

Соңғы жаңалықтар

Сұрақ қойған тотықұс

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Айна алдындағы фламинго

Табиғат • 30 Тамыз, 2025

Тұрғындар денсаулығын тексерді

Денсаулық • 30 Тамыз, 2025

Мерекелік марапат

Қоғам • 30 Тамыз, 2025

Ерен еңбек ескерусіз қалмайды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Тамыз, 2025

Маңдай тердің өтеуі

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Инфографика • 30 Тамыз, 2025

Үміт ақталады

Білім • 30 Тамыз, 2025

Тағдыршешті реформа

Ата заң • 30 Тамыз, 2025

Аралда ашылған мектептер

Мектеп • 30 Тамыз, 2025

«Абай» журналының ахуалы қалай?

Жәдігер • 30 Тамыз, 2025

Алғыс арқалаған кенші

Еңбек • 30 Тамыз, 2025

Мағжан мен Хайретдин

Зерде • 30 Тамыз, 2025

Тиянақты дайындық

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Ғарыштан оқылған дәріс

Ғалам ғажаптары • 30 Тамыз, 2025

Қазақ сыныбын таңдағандар озады

Аймақтар • 30 Тамыз, 2025

Әлеуметтік жобаның әлеуеті

Қоғам • 30 Тамыз, 2025