Қазақстан • 17 Маусым, 2021

«е-Өтініш» – ел игілігіне

1282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова өңір тұрғындарына «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын түсіндірді. Биылғы 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Кодекс – Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іргелі нормативтік құжаты.

«е-Өтініш» – ел игілігіне

Тамара Дүйсенованың түсіндіруінше, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сай өтініштерді қараудың жаңа тәртібі енгізіліп отыр. Мәселен, биылғы бірінші тоқсанда Президент Әкімшілігіне 449 мыңнан астам арыз түскен. Оның 50 па­йызы жергілікті атқарушы органдардың үлесіне тиесілі екен.

– Бұрын арыз 30 күн ішінде қаралатын еді. Енді жаңа Кодекстің талабына сай, 15 күнде қаралады. Әр арызға әкімшілік іс ашылады, – деді Т.Дүйсенова.
– «е-Өті­ніш» – өтінішті қараудың тарихы сақталатын біртұтас база. Бұл бар­лық мемлекеттік және сот органдары­на, сондай-ақ өтініш берушілерге қолжетімді болады. «е-Өтініш»-ке 1 шілдеден бастап кезең-кезең­мен өту басталады. Азаматтардың өті­ніштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түседі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековтің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған халықтың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына орай қазір Атырау қаласы мен жеті ауданда сервистік әкімдіктер іске қосылды. Ал жаңа Кодекс талаптарын түсіндіретін мемлекеттік қызметшілер арнайы оқу курсынан өтіп, тиісті сертификат алды.

– Қазір «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 213 мемлекеттік мекеме қосылып, өтініштерді өңдеу жұмысы ұйымдастырылып отыр. Азаматтардың құқығын қорғау бағытында іске асырылатын реформалардың маңыздылығы ескеріліп, алдағы уақытта бұл жұмыс облыстық әкімдіктің тікелей бақы­лауында болады, деді Серік Айдарбеков. – Тұрғындардың өзекті мәселелерді қозғаған өтініштері жер, тұрғын үй, жұ­мыспен қамту, әлеуметтік көмек көр­сету, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын қамтыды.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірдің жергілікті атқарушы органдарына 16 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 20 пайызы қанағаттандырылыпты. Ал қалғанына заңға сәйкес жауап бері­ліп­ті.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025