Аймақтар • 17 Маусым, 2021

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа маусымның ашылуы Жастар саябағында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «Жасыл ел» жасағының жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының жыл сайын маңызы артып, таныла түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 17 жыл толып отыр. Атырау облысында соңғы 5 жылда 8 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Өткен жылы 1 мыңнан аса жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылды.  Бұл жоба – ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі. Бұл –  жастармен жұмыстың өте маңызды құралы. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, өздерін туған жердің иесі ретінде сезінуге жетелейді», деді Бақытгүл Хаменова.

Облыстық «Жасыл Ел» еңбек жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының мәліметінше, биыл 1 мыңнан астам жас атыраулық жұмысқа тартылады.

«Жаңа маусымға тіркеу онлайн-режимде жүргізіледі. Еңбек жасағына алынған жастар  қолғаппен, бетпердемен қамтамасыз етіледі. Олар қашықтықты сақтап, жұмыс істейді. Еңбек жасағы сарбаздарының жалақысы 50 мың теңгеден асады», дейді Абылай Құрметұлы.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше