Спорт • 23 Маусым, 2021

«Тур де Франс» жарысына қатысады

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 маусымда велошабандоздар ара­сындағы ең белді жарыс «Тур де Франс» басталады. 18 шілдеге дейін со­зылатын көпкүндікте қазақ­стан­дық-канадалық Astana-Premier Tech клу­бының да спортшылары бақ сынайды.

 

«Тур де Франс» жарысына қатысады

Негізі бұл жарыс әдетте шілде айын­да өткізілетін. Алайда биыл шілде айының соңында Токио Олимпиадасының жалауы желбірейтін болғандықтан, ұйымдас­тырушылар осы жылғы доданы маусымның соңына шегеруге мәжбүр болды. Себебі «Тур де Франсқа» қатысатын бірқатар велошабандоз Олимпия ойындарында өз елдерінің намысын қорғайды.

Велоспортшылардың бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур де Франстың» былтырғы бәсекесінде словакиялық Тадей Погачарға тең келер ешкім табылмады. Ал «Астана» өкілі Мигель Анхель Лопес жарысты алтыншы орынмен түйіндеген еді. Сондай-ақ Лопес 17-ші таулы кезеңде жарыс жеңімпазы атанған болатын.

Биылғы додаға Astana-Premier Tech клу­бынан Дмитрий Груздев, Алексей Луценко (Қазақстан), Алекс Аранбуру, Йон Иса­гирре, Омар Фрейле (Испания), Стефан Де Бод (БАӘ), Якоб Фульсанг (Дания) және Уго Ухль (Канада) секілді велошабандоздар қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25