Аймақтар • 01 Шілде, 2021

Атыраудағы стационарларда 397 науқас жатыр

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қызыл аймақтағы» Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі қайта көбейе бастады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 98 адам қауіпті вирусты жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы стационарларда 397 науқас жатыр

«Оның ішінде 69 науқас Атырау қаласында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде – 7, Жылыой ауданында – 10, Исатайда – 3, Индерде – 2,  Махамбетте – 2, Қызылқоғада – 2, Мақат ауданында 2 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірдегі инфекциялық стационарларда 397 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 161, №2 облыстық ауруханада – 110, аудандардағы стационарларда – 77, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 пациент емделуді жалғастыруда. Ал, үй жағдайында емделуге 385 адам оқшауланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35