Теннис • 06 Шілде, 2021

Т. Скатов Италиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Перуджа (Италия) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Т. Скатов Италиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Дүниежүзілік рейтингте 325-орында тұрған Т.Скатов әуелі аталмыш жарыстың іріктеу сайыстарын сәтті өткізіп, сосын негізгі додаға қосылды. Ол алғашқы айналымда әлемнің 228-ракеткасы, италиялық Лоренцо Густиномен кездесті.

Тартысты матчта қазақстандық теннисші 1:6, 7:6 (7:5), 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 2 сағат 33 минутқа созылды. Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 193-ракеткасы, аргентиналық Ренцо Оливомен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко рейтингте 369-сатыдағы италиялық Флавио Коболлидан 6:2, 5:7, 6:7 (3:7) есебімен ұтылып қалды.

Бұл ойын үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55