Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 млн теңге айыппұл төледі

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 млн теңгеден астам айыппұл төледі. Оған биологиялық тазарту құрылғысынан шыққан ақау себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 млн теңге айыппұл төледі

Былтырғы қарашада облыстық экология департаменті жергілікті қоғам белсенділерімен бірге Атырау қаласының экологиялық ахуалына мониторинг жүргізу кезінде «АМӨЗ» ЖШС тарапынан ағызылған су құрамында мұнай өнімдері мен биологиялық шламның барын анықтаған еді.

«Аталған дерекке қатысты «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, алынған сынамадағы су құрамында жобалық құжаттамада белгіленген эмиссияның нормадан асқаны анықталды. Атап айтқанда, жалпы темір және құрғақ қалдықтар 1,5 есе, сульфат 2,5 есе, азот амоний 5 есе, мұнай өнімдері 6 есе және өлшеулі заттар 628 есе асқан. Осылайша, сарқынды суларды тазартусыз тікелей ағызуға жол беріп, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 328-бабын бұзды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Экологиялық Кодекстің 118-бабын басшылыққа алған департамент мамандары тексеріс материалдарын Полиция департаментіне жолдаған еді. Алайда, полиция департаменті «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты қозғалған қылмыстық істі қысқартқан.

«Экология департаменті «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғады. Серіктестік 60 221 655  теңге әкімшілік айыппұл мөлшерінде әкімшілік жазаға тартылды», деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025