
«Сурет – Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында.
Нобай – қызғылт-ақшыл сары қағазға күміс қарындашпен салынған 7x7 см өлшемді сурет. Ол 1480 жылдардың бірінші жартысында салынған. Бұл – суретшінің қолтаңбасы бар бірнеше туындыларының бірі.
Сатып алушының есімі жарияланған жоқ. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт атты» туындысы үшін орнатылған еді. Оның құны £8,1 миллионға баға-
ланды.