Аймақтар • 14 Шілде, 2021

Өскеменнің қоғамдық көліктеріне жаңа төлем жүйесі енгізіледі

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйектен бастап Өскеменнің қоғамдық көліктеріне электронды төлем жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өскеменнің қоғамдық көліктеріне жаңа төлем жүйесі енгізіледі

Автобустарда, трамвайларда және микроавтобустарда жолақысын SMS, QR-код және «Oskemencard» көлік картасы арқылы төлеуге болады.

Қазір қаланың барлық қоғамдық көліктері валидаторлармен, GPS-трекерлермен, борттық компьютерлермен және мобильді терминалдармен жабдықталған.

Жолақысының автоматтандырылған төлем жүйесіне 9 маршрут (№ 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 261 және 262), 4 автобус (№12, 24, 60 және 67) және 3 трамвай бағыты (№ 1, 3 және 4) қосылған.

Жүйе тамыздың соңына дейін барлық қалалық маршруттарда іске қосылмақ.

Жолақысын бүкіл әлемде кеңінен таралған дәстүрлі тәсіл – көлік картасы бойынша да төлеуге болады. Карта қаланың 34 нүктесінде сатылады, шығарылады және толтырылады. Бұл картаның құны 500 теңгені құрайды. Жеңілдік қарастырылған азаматтарға аталмыш көлік картасы мектеп картасы сияқты тегін берілетін болады.

Бұдан бөлек, «Oskemenbus» мобильді қосымшасы да іске қосылды. Онда автобус қозғалысын қадағалауға, қоғамдық көліктердің жүру кестесі мен нақты уақытын тексеруге және межелі жерге дейін барудың ыңғайлы маршрутын құруға болады. Қосымша іске қосылған сәттен бастап оны 100 мыңнан астам адам жүктеп алған.