Аймақтар • 18 Шілде, 2021

Атырауда ғарыштық түсіріліммен 130 қоқыс үйіндісі анықталды

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында ғарыштық түсірілім арқылы 130 қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда ғарыштық түсіріліммен 130 қоқыс үйіндісі анықталды

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰҚ» АҚ-ның түсірілімдері нәтижесінде Атырау облысында 130 қоқыс үйіндісі анықталып отыр. Оның 128-і Атырау қаласында болса, екеуі Махамбет ауданының аумағында орналасқан.

«Ғарыштық мониторинг нәтижелерімен анықталған қоқыс қалдықтарының орнын жою үшін арнайы кесте жасақталды. Аталған кестеге сәйкес стихиялық қоқыс үйінділерін жоюға 1 ай мерзім белгіленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары қалалық әкімдік, полиция өкілдерімен бірге тұрмыстық қалдықтарды тастаған тұлғаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара кезінде Атырау қаласының Жұмыскер шағын ауданында анықталған стихиялық қоқыс орындарына бақылау жүргізіліп, сол аумақтың тұрғындарымен кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше