Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Атырау облысында жол бойына макеттер қойылды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау-Индер» бағытындағы тас жол бойына патрульдік полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында жол бойына макеттер қойылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мақсат – жүргізушілерді жол-көлік апатынан сақтандыру.

«Көліктердің жол бойында жүрген ірі қараны қағуы жиілеп барады. Мәселен, 17 шілдеде таңғы сағат 05:00 шамасында «Атырау-Орал» тас жолымен Алмалы ауылына қарай қозғалған «Ваз-21101» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, түйені қағып кеткен. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан кетіп қалған 59 жастағы жүргізушіні анықтады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осындай оқиғаның алдын алу үшін департаменттің әкімшілік полиция басқармасы мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Атырау-Индер» бағытындағы тас жолға патрульдік полиция көлігі мен үй жануарларының макетін орнатуды қолға алды. Қазір бұл макеттер үй жануарлары көп жүретін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін қауіпті учаскелерде тұр.

1

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше