
Осылайша өткен аптадан бері еріктілер 450-ге жуық босқынның өмірін сақтап қалған. Тағы ондаған келімсек Италияның Сардиния аралына көмексіз, өз күшімен жүзіп жеткен. Босқындар арасында Ауғанстан, Ирак және Иран азаматтары бар. Сондай-ақ кірмелер мінген бірнеше қайық Италияның екінші бір аралы Лампедузаға беттеген. Италиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мигрант жүкті әйел тура жағаға жеткенде босанған.