Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Такси жүргізушісін тонаған қызылордалық әйел ұсталды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Такси жүргізушісінің 800 мың теңгесі мен ұялы телефонын ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Такси жүргізушісін тонаған қызылордалық әйел ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арыз түсірген. Оның айтуынша, қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреу такси тоқтатып, белгіленген жерге апарып тастауын сұраған. Нәтижесінде жолаушы такси жүргізушісінің автокөлігінде жатқан 800 мың теңге ақшасы мен Samsung маркалы ұялы телефонын қолды қылған.

Ұрыны қамауға алу мақсатында жергілікті полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 26 жас шамасындағы қызылордалық әйел болып шықты. Таксиге мінген қылмыскер 880 мың теңге​ шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30