Қоғам • 19 Тамыз, 2021

Жалған мониторингтік топтар пайда болды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында жергілікті әкімдіктің атын жамылып бизнес нысандарды аралап жүрген жалған тексерушілер пайда бола бастады. Олар карантин талаптарын бұздың деген желеумен кәсіпкерлерді қорқытып, өздерінің бұл заңсыздыққа көз жұма қарағаны үшін олардан ақшалай сыйақы талап етеді екен.

Жалған мониторингтік топтар пайда болды

Кәсіпкерлер күмәнді «тексерушілердің» іс-әрекеті туралы әлеуметтік желілерге жазып, облыстық кәсіпкерлер палатасынан араша сұрауда.

Алайда жалған тексерушіні әшкерелеудің жолы оп-оңай болып шықты.

– Барлық рейдттер міндетті түрде infokazakh­stan.kz сайтында тіркеледі. Мони­то­рингтік топтың құрамы мен тексерілетін нысан да осы сайтта көрсетілуге тиіс. Тексерудің заңды, не заңсыз екенін былай тексеруге болады. Ол үшін актіде көрсетілген QR-кодты сканерлеу қажет. Бар болғаны осы, кәсіпкер осылайша өзіне келіп тұрғандардың нағыз тексерушілер немесе алаяқтар екеніне оп-оңай көз жеткізе алады, – деді Қостанай облыстық кәсіп­керлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.

Естеріңізге сала кетсек, мониторингтік топ­тардың жұмыс алгоритміндегі мұндай талаптар шілденің бірінен бастап пайда болған. Енді infokazakhstan.kz платформасының көмегімен бизнес нысандарды тексеруге шыққан әр топтың қызметін, олардың құрамында неше адам барын, жоспар бойынша қандай нысандар тексерілетінін, олардың нәтижесіне дейін бақылап отыруға болады.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15