Білім • 19 Тамыз, 2021

Министр балабақшалардың сапасына ерекше мән берілетінін айтты

4117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балабақшадағы сапа мен мазмұн мәселесіне ерекше мән беріледі. Бұл педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр балабақшалардың сапасына ерекше мән берілетінін айтты

«Балаларды ерте дамыту мәселелері біз үшін ерекше маңызға ие. Біз көбінесе сандық көрсеткіштерге мән беріп, балаларды қамтуға көңіл бөліп, ал сапа мен мазмұн бағытына тиісті деңгейде назар аударуға мүмкіндік болған емес. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2021 жылы 98,1%-ға жеткеннен кейін, сапа мен мазмұн мәселесіне назар аудару керек деп ойламын», деді министр.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балабақшаларда мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу басталады. Бұл үшін Мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі және «ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде Үлгілік оқу бағдарламалары қайта қаралады. Сонымен қатар жекеменшік балабақшаларды дамытуды ынталандыру ваучерлік тетікті енгізу жолымен жалғасатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03