Экология • 02 Қыркүйек, 2021

Су арналары қалай цифрландырылады?

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев алдағы 5 жылда 212 су арнасы цифрландырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су арналары қалай цифрландырылады?

«Өткен жылы Түркістан облысындағы «К-19» магистралды арнасын цифрландыру бойынша алғашқы жоба жүзеге асырылды. Жоба барысында су 45 пайызға көбірек жұмсалатыны анықталды. Енді алдағы 5 жыл ішінде ұзындығы 3,3 мың шақырым болатын 212 арнаны цифрландыру жоспарда. Аталған іс-шараларды іске асыру 2,2 текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Одан басқа, министрлік су үнемдеу технологиясы қолданылатын алаңдарды 2025 жылға қарай 750 мың гектарға дейін жеткізуді ұсынады», деді министр.

Министр ұсынған деректерге сәйкес, республикалық меншікте жалпы ұзындығы шамамен 20 мың шақырым болатын 3 298 суару желісі бар. Сол каналдардың 60-ы нашар жағдайда. Бұл суды тасымалдау кезінде орын алатын жоғары шығынның негізгі себебі.

«Арналарды қалпына келтіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мәселен, 2019-2020 жылдары 1734 шақырым арна жөнделіп, 111,5 гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Биылғы жылдың соңына дейін 1 050 шақырым арналарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл 78 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді», деді ол.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 5 жыл ішінде ұзындығы шамамен 2,3 мың шақырым болатын 120 арна қайта жаңарту жұмыстарынан өтеді. Бұл 600 мың гектар жерді айналымға енгізуге мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15