Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да жанар-жағармай таситын көлік аударылды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда жанар-жағармай таситын көлік жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жанар-жағармай таситын көлік аударылды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға «Өскемен-Риддер» тас жолында сағат 18:00 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алдын ала болжам бойынша 17 тонна көлемінде жанар-жағамай төгілген.

«Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, өртті болдырмау үшін жанармай төгілген жерді көбікпен оқшаулады. Оқиға орнында 3 автоцистерна және жеке құрамнан 12 адам жұмыс істеуде», деп түсіндірді ШҚО ТЖД.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Жедел-жәрдем дәрігерлерімен олар ауруханаға жеткізілді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ежелгі тіршілік белгісін тапты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:15

Машина жөндейтін камера

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:10

Сахнадан – бозкілемге

Спорт • Бүгін, 10:00

Айқайшы

Руханият • Бүгін, 09:55

Ән мен күй мерекесі

Руханият • Бүгін, 09:50