Қоғам • 18 Қыркүйек, 2021

Дала өртінен үш адам күйіп қалды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында дала өртінен үш адам күйіп қалды, деп жазады Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дала өртінен үш адам күйіп қалды

17 қыркүйекте Қарағанды облысы аумағында Ақтоғай (жану алаңы - 200 га, 500 га, 2000 га), Қарқаралы (жану алаңы - 530 га, 300 га) және Шет аудандарында (аумағы - 40 га) алты табиғи өрт сөндірілді.

«Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округіндегі табиғи өртті ауыздықтау барысында 1989, 1979 және 1973 жылы туған Егіндібұлақ кентінің 3 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Олардың денесін 18, 28 және 90% термиялық күйік шалған», деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең 18 қыркүйекте Ақтоғай ауданында 300 га алаңда табиғи өрт ауыздықталды.

Табиғи өрттерді жоюға 339 адам және 94 техника, оның ішінде ТЖ департаменті (93 адам, 22 техника) және жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құралымдары (246 адам, 72 техника) жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20