Спорт • 22 Қыркүйек, 2021

Әбілсейіт Айхановты еске алды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда 23 жастағы еркін күрес шеберлері арасында қазақтың даңқты балуаны Әбілсейіт Айхановты еске түсіруге арналған республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әбілсейіт Айхановты еске алды

Айтулы жарыста Нұр-Сұлтаннан келген балуандардың мерейі үстем болды. Олар үш салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыстарда топ жарып, өздерінің бабында екендерін байқатты. Атап айтсақ, Ілияс Аманжолов (65 кило), Санжар Досжанов (70 кило) және Бекзат Үркімбай (92 кило) сынды сайыпқырандарға тең келер ешкім табылмады.  Өзге салмақтарда тараздық Рахат Қалжан (57 кило) мен Юнус Гафуров (97 кило), шымкенттік Асыл Айтақын (61 кило) мен Мақсат Сатыбалды (86 кило), ақтөбелік Әкежан Әбдіхамит (74 кило) пен Бейбарыс Нұрылла (79 кило) бас жүлдені олжалды. Алыптардың айқасы Бақдәулет Өсербайдың жеңісімен аяқталды. Түркістаннан келген нар тұлғалы жігіт финалда Маңғыстау облысының өкілі Әлібек Сәрсенғалиевке сан соқтырды.

Қазақстан құрама командасы бапкерлерінің айтуынша, осы жарыста жеңімпаз атанған балуандар үстіміздегі жылы өтуге тиіс әлем біріншілігіне (U-23) қатысады.  

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30