
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир кәсіпорынның вакциналау көрсеткіші ArcelorMittal компаниялар тобының ең жоғары көрсеткіштернің бірі екенін атап өтті. Компания басшысы қызметкерілеріне вакцина салдыруға келгенде түсіністік танытып, жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысын білдірді.
– Вакцина алғандардың 90 пайызы – 32 мыңнан аса қызметкеріміз және мердігер ұйымдардың 4 мыңнан аса жұмыскері. Біз үшін бұл – үлкен жеңіс! – деді ол.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшыларының бәрі коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.
Биджу Наир Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сондай-ақ Премьер-Министр Асқар Мамин басқарған ел Үкіметінің егу науқанын ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтті.
– Қазақстан – вакциналар қолжетімді, сондай-ақ оларды таңдау мүмкіндігі берілген әлемдегі аздаған елдердің бірі. Оның ішінде отандық вакцина да әзірленді, – деді ол.
Биджу Наир компания қызметкерлерінің вакцина қабылдауын ұйымдастыруға белсенді көмектескені үшін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке де алғыс айтты. Егу пункттері кәсіпорындар аумағында ашылып, медицина қызметкерлері барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Биджу Наир COVID-19-ға қарсы әлі вакцина алмаған адамдарды жақын арада егілуге шақырды. Ол вакциналау адам өмірін сақтаудың жалғыз жолы екенін еске салды.