Экономика • 20 Қазан, 2021

Алдағы жылдары бюджет тапшылығы бола ма?

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы жылдары бюджет тапшылығы бола ма?

«Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4-6 %, 2023-2024 жылдары – 4-5% аралығында, 2025-2026 жылдары – 3-4% шегінде сақталған. Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені, 2023 жылы - 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы - 10,4 триллион теңгені құрайды», деді Ә.Ерғалиев.

Оның айтуынша, кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 триллион теңге, 2023 жылы - 2,2 триллион теңге және 2024 жылы - 2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр.

«Бұдан басқа, Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, оның одан әрі қысқаруымен 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады. 2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5% дейін төмендеумен болжанып отыр. 2022 жылы мұнай емес тапшылық ішкі өнімге қатысты 8,1% құрап, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3% дейін төмендейді», деп түсіндірді министр.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы – 15,6 триллион теңге және 2024 жылы – 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25