Қазақстан • 20 Қазан, 2021

Мұғалімдерді сенбілік жұмысқа жеккендер жазаланады

1121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұғалімдерді міндеттерінен тыс жұмыстарды орындауға тартатындар қатаң жазаланады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұғалімдерді сенбілік жұмысқа жеккендер жазаланады

«Олардың құқықтарын қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» Заң бар. Мұғалімнің сенбілікке шықпауға құқығы бар. Заңға сәйкес мұғалімдер бұдан бас тарта алады», деді Шолпан Қаринова.

Ол бұған дейін білім және ғылым министрі БҒМ-нің осы мәселе бойынша ұстанымын нақты айтқанын еске салды.

«Біз мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларды орындауға тартуға қарсымыз. Мұғалімдерді осы ерекше жұмыстарға тартатындардың барлығына заң шеңберінде қатаң жазаланатын шаралар қабылданатын болады. Мұғалімнің бірінші функциясы - балаларға барлық пәндер бойынша білім беру. Оқыту, тәрбиелеу – мұғалімнің негізгі қызметі. Басқа іс-шараларға педагогтарды ешкім тартпауы тиіс», деп мәлімдеді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25