Аймақтар • 21 Қазан, 2021

Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жауапқа тартылды

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде педагогтерді көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жауапқа тартылды

Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариковке қатысты тәртіптік шаралар қолдану туралы хат жолданды.

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенкоға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, ол әкімшілік жазаға тартылды.

№ 9 ОМ директоры Н.В. Тегай және №43 ОМ директорының м. а. А.В. Искрина әкімшілік жауапқа тартылды.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде 16 қазанда Семей қаласының №43 мектебінде оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді сенбілікке көше сыпыруға жібергені туралы жарияланымдар тараған болатын.

Педагогтерді қызметінен тыс жұмыстарға тарту, оның үстіне оқу процесіне кедергі келтіру «Педагог мәртебесі туралы» Заң талаптарына қайшы келеді.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің, сондай-ақ ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері әкімшілік істі қарады.

Тексеру барысында сенбілікке №43 мектебінің педагогтерінен басқа №9 мектебінің мұғалімдері де жіберілгені анықталды.

Әкімшілік істі қарау барысында педагогтер қаланы абаттандыру жұмыстарына Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариковтың хаты негізінде шыққаны анықталды. Хатта педагогтердің сенбілікке таңғы сағат 09:00-де шығуын қамтамасыз ету тапсырылған. Сондай-ақ, хаттың әкім орынбасарының қолы қойылған қосымшасына сәйкес әр мектепке аумақты тазарту жұмыстарын жүргізу үшін белгілі бір учаске берілген. Тапсырманың орындалуын бақылау әкімдіктегі бөлімшелердің біріне жүктелген.

Білім және ғылым министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне педагогтерді пайдалану және оларды қызметінен тыс жұмыстарға тарту бойынша осындай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екендігі туралы түсіндірілген хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25