Аймақтар • 21 Қазан, 2021

Түркістан облысы мектептерінен бұзушылықтар анықталды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы мектептерінен бұзушылықтар анықталды

«Біздің әріптестеріміз, балалар құқығын қорғау жөніндегі төраға, балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңесші бірден Түркістан облысына ұшып кетті. Бүгінгі таңда бесінші сынып оқушысының қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдайтын боламыз», деп сендірді Аймағамбетов.

Ол мектеп оқушыларының туыстарының сөздері қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін және оның себебі неде екенін айтуға әлі ерте екенін айтты,

Сонымен қатар, оның айтуынша, білім беру және тәрбие процесі бойынша тексеру жүргізіліп, бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталды.

«Түркістан облысының бірқатар білім беру ұйымдары бойынша да осындай фактілер бар. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша үлкен бұзушылықтар бар екенін көрдік. Әрине, бұл бұзушылықтар үшін тергеудің нәтижесіне қарамастан құзыретті органдар тиісті шаралар қабылдайтын болады», деп түсіндірді министр.

Түркістан облысында бесінші сынып оқушысының қайтыс болуына Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме беріп, бұл факт белгілі болғаннан кейін БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдері Түркістан облысына барып, бүгін сол жерде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25