Кәсіпқой бокс • 25 Қазан, 2021

Ақтауда шаршы алаңға кімдер шығады?

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-қараша күні Ақтау қаласында кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі. «Adal promotions» бұл күні андеркартта рингке көтерілетін боксшылардың жұбын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың қатарында дебютанттар да аз емес. Айболды Дәуренұлы, Нұрсұлтан Байниязов бастаған жігіттер бұл күні алғаш рет кәсіпқой бокстың дәмін татып көрмек. Өзге де бірнеше боксшы бірінші мәрте кәсіпқой бокс әлемінде бақ сынайды.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық былғары қолғап Фаррух Джураевпен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ орта салмақтағы қазақ оғланы Мейірім Нұрсұлтанов белорусиялық Дмитрий Атроховтың шамасын байқап көрмек.

Екінші дәрежелі бірнеше белбеуді иеленген Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен болатын. Кәсіпқой бокс әлемінде жасындай жарқырап жүрген Мейірімнің болашағынан мамандар зор үміт күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше