Қаржы • 25 Қазан, 2021

Қазақстан мен Венгрияның қаржы министрлері кездесті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Қаржы министрі Е. Жамаубаев Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Венгрияның қаржы министрлері кездесті

Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективаларын сөз етті.

Бұдан бөлек, министрліктер арасындағы мемлекеттік қаржыны басқару, бюджеттік жоспарлау және салық мәселелері бойынша экономикалық қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Нәтижесінде Қазақстан мен Венгрия Қаржы министрліктері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар әрі қарай өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15