Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Жүкті әйелдерге олардың келісімінсіз вакцина салынады - фейк

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы екпе олардың келісімінсіз салынады деген қауесет ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Жүкті әйелдерге олардың келісімінсіз вакцина салынады - фейк

Қазнет қолданушылары «22 қарашадан бастап жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялай бастайды» деген хабар таратуда.

Бұл ретте хабарламада барлығын бірдей егу жоспарланып отырғандықтан, олардың вакцинациядан бас тартуы қабылданбайтыны айтылған.

Ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Жүкті әйелдерді вакцинациялау егілетіндердің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні жүкті әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина салынып жатқан жоқ», деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58