Әлем • 28 Қазан, 2021

Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

«Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш», деді ол.

Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.

Қыркүйектің басында Еуропалық Одақ Ауғанстаннан келген босқындарды көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар

Рекордшы тотықұс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Алатаудың ажары

Талбесік • Бүгін, 08:17

Кемедегі өмір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Өрісті өнеге қалдырған

Тағзым • Бүгін, 08:10