Хоккей • 25 Желтоқсан, 2021

ҚХЛ: «Барыс» кезекті ойынын сырт айдында «Трактормен» өткізеді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Челябі қаласында жергілікті «Трактормен» өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХЛ: «Барыс» кезекті ойынын сырт айдында «Трактормен» өткізеді

«Трактор» командасы 61 ұпаймен ҚХЛ-дың жалпы кестесінде екінші орында келеді. Шығыс конференциясында 40 ұпаймен сегізінші сатыда тұрған «Барыс» та бұл ойында барын салатыны анық.

Өткен турда «Трактор» өз айдынында «Северстальды» 6:1 есебімен тас-талқан етсе, «Барыс» Қазанда «Ак Барсқа» есе жіберді – 3:5.

Бүгін Анвар Гатиятулин жаттықтыратын «Трактор» клубы өзінің 74 жылдығын атап өтеді. Сондықтан атаулы күнде айдын иелері жанкүйерлеріне жеңіс сыйлауға тырысатыны белгілі.

«Трактор» өз айдынындағы соңғы төрт бәсекеде «Барысқа» есе жіберді. Дегенмен биылғы маусымда челябілік хоккейшілер 5 қарашада Қазақстан астанасында елордалық команданы овертаймда 5:4 есебімен жеңіп кетті.

Матч елорда уақытымен сағат 18.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025