
«Еліміз үшін қиын уақытта ІІМ қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, ТЖМ және басқа да құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер мен курсанттар елдегі қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызмет атқарады. Оларға үлкен жұмыс үшін алғыс білдіреміз», деді Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмаларын орындау жөніндегі кеңесте.