Медицина • 17 Қаңтар, 2022

Алматыға 10 реанимобиль сыйлады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыға қазір кім көмек қолын созса да көптік ет­пей­ді. Қаланы қайта түлету үшін көрсетілетін кез келген көмек пен қол­дау өте маңызды. Сбер тобы Алматыны қалпына кел­тіруге жарты млрд теңгеден астам қаржы бөлетінін мә­лім­деді. Яғни қалаға көмек ретінде 550 млн теңге бөлді.

Алматыға 10 реанимобиль сыйлады

12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға бе­ріл­ді. Тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше жедел жәрдем кө­лі­гінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қалаға өте қа­жет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметр­лер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондары. Сондай-ақ аталған банк Ұлттық кітапхана мен мем­­­лекеттік орталық мұражай ғи­­маратын күрделі жөндеу жүр­гізбек.

«Алматы қиын кезеңді ба­сы­­нан өткізіп жатыр. Қазіргі уақытта басты ортақ мақсатымыз – туған қаламыздың бұрынғы келбетін қайтару. Біз осы бір маңызды іске өз үлесімізді қос­қымыз келеді. Алматы әкімдігіне алдыңғы қатарлы медициналық құралдармен жабдықталған 10 жедел жәрдем көлігін табыстаймыз. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік мұ­­ражайды өз күшімізбен қайта қалпына келтіреміз деп шештік. Біріге жұмылсақ, қираған нысандарды жылдам қалпына келтіріп қана қоймай, бұрынғыдан да күштірек боламыз деген сенім­демін», деді «Сбербанк» АҚ ЕБ басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.

Бүгінде Сбербанктің бөлім­шелері мен банкоматтары елі­міздің барлық аймағында штат­тық тәртіпте жұмыс істейді. Несиелеуді қосқанда, клиенттерге барлық қызмет қолжетімді.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50