Экономика • 18 Қаңтар, 2022

Негізгі азық-түліктің 5 айлық қоры жинақталды

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Негізгі азық-түліктің 5 айлық қоры жинақталды

«Мемлекет басшысының инфляция деңгейін тежеу және мемлекеттік реттеу шараларын күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдар бірқатар шараларды әзірледі. Ведомствоаралық іс-қимыл Үкімет деңгейінде үйлестірілетін болады», деді министр.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі іс-шаралар туралы айтты.

Біріншіден, бұл азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары ескерілген. Осы бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

«Қазіргі уақытта негізгі азық-түлік түрлерінің 5 айлық қоры қамтамасыз етілген деуге болады. Бұл нарықтағы тапшылықты болдырмауға кепілдік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, өндіріс-тұтыну балансын айқындайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда экспорттық шектеулерді енгізеді», деді министр.

Екіншіден, сауда үстемелері мен сыйақыларға мемлекеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ шекті бағаларды уақтылы енгізу арқылы бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған қадамдар қамтылған.

Үшіншіден, бағаның жоғары өсу тәуекелі туындаған жағдайда, монополияға қарсы органның құзыреті шегінде нақты тауар нарықтарында мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу ескерілген.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03