
Бірінші күнгі бәсекеде 500 метр қашықтық бойынша сынға түскен Алина Дауранова үздік үштікке еніп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Алина 1500 метрлік жарыста да қола медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында бақ сынаған Евгений Кошкин 500 метрді үшінші болып бағындырды.