Президент • 29 Қаңтар, 2022

Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерде неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

«Шынымды айтсам, адамдар жауапкершілікті мойнына алудан қорықты, бірыңғай алгоритм болмады. Жаңаөзеннен кейін құқық қорғаушылардың қару қолдануын шектейтін заңдар қабылданды», деді Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Сондықтан Президент жұрт алдында жауапкершілікті өз мойнына алуға шешім қабылдаған.

«Мен дипломатпын, оның салдарын білдім, осындай реакция болатынын түсіндім. Бірақ мемлекеттің қауіпсіздігі – бірінші орында», деп түйіндеді ол.




 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025