Әлем • 30 Қаңтар, 2022

Конгода БҰҰ қызметкерлерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конго Демократиялық Республикасындағы әскери трибунал БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 50-ден астам адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Конгода БҰҰ қызметкерлерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді

54 айыпталушының біреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы екеуі ақталды. Осылайша, 51 адам өлім жазасына кесілді. Конгода 2003 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған, сондықтан сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

БҰҰ-ның екі сарапшысын өлтіру оқиғасы 2017 жылдың наурыз айында болған. Швеция азаматы Заида Каталан мен АҚШ азаматы Майкл Шарп Конгоның Касаи провинциясында жоғалып кетті. Екі аптадан кейін олардың денесі табылды.

Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында содырлардың ауылдарға жасаған шабуылынан ондаған адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Елдің шығысындағы Итури провинциясының Джугу ауданында қарулы адамдар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірді. Әзірге билік шабуылдарды ұйымдастырған қылмыстық топ туралы мәліметті жарияламай отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025