Әлем • 30 Қаңтар, 2022

Мәскеуде 22-ші қабаттан құлаған оқушы аман қалды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде 22-қабаттың терезесінен құлаған оқушы қыз ауыр жарақат алмаған. Оқиға достарымен өткізген кеш кезінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәскеуде 22-ші қабаттан құлаған оқушы аман қалды

Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22 қабатының балконынан құлаған сегізінші сынып оқушысы тірі қалды. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтап жатыр.

Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы бір балконнан екінші балконға өтпек болған. Оған құрбысы көмектескен. Құрбысы оның қолынан ұстап тұрған. Бірақ әлі жетпей, оқушы төмен құлап кетті.

22-ші қабаттан құлағанына қарамастан, жасөспірім қыз ауыр жарақат алған жоқ. Қазір Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Оқушыны бұған не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз ішімдік ішкен.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025