Футбол • 14 Ақпан, 2022

Шартты құрам жарияланды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) өзінің ресми интернет басылымында жуырда ғана Нидер­ланд­та мәресіне жеткен футзалдан Еуро­па чемпионатының шартты құра­масын жариялады.

Шартты құрам жарияланды

Үздіктер қатарында Қазақстан құрама­сының ойыншысы Дуглас Жуниор да бар. Сондай-ақ Дугластан бөлек, бұл тізімде Украина құрамасының қақпашысы – Кирилл Ципун, чемпионаттың үздік ойыншысы португалиялық Зики, испаниялық Серхио Лосано және Ресей құрамасының капитаны Сергей Абрамов бар.

Қарт құрлық біріншілігінде нәтижелі пас беру бойынша бірінші орын иеленген қазақстандық Дуглас Жуниор қатарынан үшінші Еуросына (2016, 2018, 2022) қаты­сып, үшінші мәрте чемпионаттың шарт­ты құраманың тізіміне еніп отыр. Ал ресей­лік Сергей Абрамов үздіктер тізіміне екінші рет қосылды. Ол алғаш рет 2016 жылғы Еуро­ның үздік бестігінен көрінген еді.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құра­масы биылғы Еуропа чемпионатының ширек финалында Украинадан жеңіліп, жарысты аяқтады. Ал Украина футзалшылары қола жүлде үшін өткен ойында Испания құра­масынан жеңіліп қалды. Финалда Ресейді 4:2 есебімен ұтқан Португалия қатарынан екін­ші рет Еуропаның теңдессіз құрамасы атанды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03