Үкімет • 24 Наурыз, 2022

ВАК шешімі: Жабық ғимараттарда маска тағу режимі алынып тасталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ВАК шешімі: Жабық ғимараттарда маска тағу режимі алынып тасталды

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

134565

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады: 

үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;

медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;

адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;

білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын адамдар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

бастапқы вакциналаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;

түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;

шетелде алған вакциналау курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;

COVID-19 вирусына қарсы ревакцина алушы барлық топтағы адамдар.

161561

Отырыс соңында Е. Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақтылы иммундау және ревакциналау екенін атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03