Оқиға • Бүгін, 11:12

Жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жазғы демалыс кезінде 11 135 демалыс орталығы жұмыс істейтін болады, олар 3,2 млн баланы бос уақытымен және сауықтырумен қамтиды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жазғы демалыс маусымында балаларды қамтуға арналған кең ауқымды бағдарлама іске қосылмақ. Жоспарға сәйкес, мектептер жанындағы демалыс орталықтарында 3 миллионға жуық оқушы уақыт өткізеді. 168 мың бала маусымдық орталықтарға, ал 44 мыңнан астам бала жыл бойғы орталықтарға қабылданады.

«Сонымен қатар әлеуметтік осал санаттағы балалар да назардан тыс қалмайды. 729 мың бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 53 мың бала жазғы демалыспен қамтылады. Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы мен «Бөбек» ұлттық орталығы базасында 5 мың оқушы олимпиадалар мен спорттық-шығармашылық бағдарламаларға қатысады, ал өңірлерде 370 мың дарынды балаға арнайы демалыс және дамыту шаралары ұйымдастырылады», деп атап өтті министр.

Лицензиясы жоқ лагерьлер жабыла ма?

Айта кетейік, биыл елімізде 1 сәуірден бастап алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілген болатын. Жаңа бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар