15 Мамыр, 2010

ӨМІРДІҢ ӨЗ ӨРНЕГІ

650 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Жасандылыққа ұрынбай, көл­гір­сімей, өмірдің өзінен алып деректі кітап жазу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Біз мұны белгілі журналист, аудармашы Мырза­бай Кеңбейілдің “Замандас­тар заңғары” атты кітабын тия­нақ­ты оқып шық­қанда көз жет­кіздік. Әдеби таным­дық, сыни зерт­теу еңбектер, қазақ­тың қасиет­ті өлке­лері­нің бірі, айту­лы тұлға­лар шық­қан Торғай туралы байлам-пайым­дар, ұлтымыз­дың бір­туар ұл-қыз­дары жайлы толға­ныс­тар, өзінің өмір өткелдері – көп де­рек­­терге қанық­тырады, асыл бей­не­­лермен жүздестіреді. Үш бөлім­нен тұратын жинақ қамтыған тақы­рып­тар әралуан. “Армысың, Ата­мекен!” бөліміндегі дүниелер Торғай елінің арғы-бергі тарихын алдыңа тарта отырып, Сәбит Мұ­қанов, Сырбай Мәуленов, Серке Қожамқұлов, Тор­­ғайды түлетуге ерек­ше үлес қос­­­қан нағыз қазақ Өзбекәлі Жә­ні­­беков, Зейнол­ла Се­рік­­қа­лиев, өзге де асылдар туралы айызыңды қандырып айтады. Осылардың ішінде біз екі мақалаға айрықша тоқтала кетсек дейміз. Оның бірін­шісі, Ыбырай Алтын­сарин туралы “Дала мек­тебінің дана бабасы” деп аталады. Мұнда қазақ­тың ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов Ыбырай Алтын­сарин­нің өз зама­нын­дағы ұстанған бағытының сыр-сыйпа­тын дәл басып танып, қазақ­тың ұлы ағартушысына дәл бағасын беруі еді. Осыны Мырза­бай Кең­бейіл тарихи оқиғаларды тарата ай­тып, жазушының 1923 жылы “Шол­пан” журналында жариялан­ған “Алтын­сарин” атты топтама мақа­ла­­­лары­нан үзінді келтіре оты­рып, сөзін дәйектейді. “Қазақ­тан шыққан білгіштер Ыбырайдың ісіне тарихи баға беріп, жабылып жүрген жала­ның ақты-қарасын айырып, жалпақ жұртқа айтылуы керек дейміз. Қазақ-қырғыздың мада­­ния­ты Ыбы­­рай сияқты адам­дар­ды сөз қылмай, ескерусіз тас­тай алмайды. Бұ күнге шейін сөз бол­май келген болса да мұнан бы­лай келешекте оның жа­йын май­дан­ға салады. Бұл тарихтың заңы. Соның үшін біздің ұсынысы­мыз: Ыбырайдың жайын тексеру” деген сөзін мысалға келті­ріп, “Біздің кейінгі ұрпақ­тары­мыздың бәріне Абай қандай қадірлі болса, Ыбы­рай да өз орны, өзінің арна­лы мұра­сы­мен ыстық” деген түйініне жүгінеді. Шынында, тарихтан мәлім, Н.И.Иль­минскийдің миссионер “мі­не­зін” “алдап адастырған әді­сін” ал­­ғаш ашқан да Мұхтар Әуезов бо­ла­­тын. Патша жандар­миясының құпия хаттарын қазақ топырағына әкеліп бұлжытпай орындаған да сол еді. Мысалы: “Ауылдарда, стар­­шындарға “ауыл мектебі” деген бүр­кеншік атпен мектеп ұйымдас­тырып, бірте-бірте олардың санын көбейтіп, алға­шында қазақтардың көңілін табу үшін оларға қазақ мұғалімдерін жіберу ке­рек. Оларға міндетті түрде орыс оқуын оқытып, балалармен орысша сөй­леуді тапсырып, қазақ әрпін қан­дай жағдай болмасын қолдан­бауды, сөй­тіп қазақ кітабын оқи алмайтын­дай жағдайға жеткізу керек. Содан кейін мынадай тәсілге көшу ұсыны­лады: барлық мектеп­тердің мұғалім­дерінен “мұғалім” деген инспектор­дың арнайы бекіт­­кен куәлігін талап ету керек, ал инспек­тор­ларға қазақ мұға­лімдеріне куәлік беруді әдейі қиын­датып, сарсаңға салып, қаса­қана кешіктіру туралы алдын-ала тапсы­ры­лып қойылуы тиіс. Ал куәлік­сіз сабақ бер­ген мұға­­лім­дер қатаң түрде заң арқылы жауапқа тартылсын. Осы тәсілмен молдалардың санын кемі­тіп, ол міндет ауыл старшынына жүк­телуі тиіс. Поптардың өзіне бел­гілі адам­дар ғана мұғалімдікке сай­лансын. Содан кейін ретіне қарай сылтау тауып, старшындар өзінің ақымақты­ғынан және істің мәнісін білмеген­дік­тен ананы-мынаны бүл­дірді-міс... тағы басқа да молда­лар туралы жал­ған лақап таратып, ауыл мектептерін молдалардың қолдары­нан алып, поптың ықпалына еріп, айтқанына көнетін және оның үнемі қол астын­да жүретін адамдарға тапсыру керек. Өлген қазақтарды жерлеуге поп басшылық етуі тиіс, ал қазақтар өл­ген адам­дары туралы оларға мін­детті түрде хабар беруі керек. Тек поп рұқ­сат бер­геннен кейін ғана үш күннен соң жер­ленуі тиіс... Қыздар мектебін ашу керек және қазақ ­қыздарын орыс оқуына оқыту­дың мақсаты мынау – ол ертең қазаққа тұрмысқа шығып, ана болған соң өзінің күйеуі мен бала­сын орыс­тану­ға бейімдейді. Олай болған күнде қазақтың оқуын тез жоюға қол жет­кіземіз және орыс оқуын ғана оқы­та­мыз. Содан ке­йін арнайы (ше­шу­­ші) заң шыға­ры­луы тиіс, сол арқы­лы қазақ­тарды әр қонысқа бөліп-бөліп тастап, оларды крестьян­дарға ай­нал­дырамыз” деген зымиян сая­сат­­ты Ыбырай айналып өтіп, ұл­ты­­ның ұл-қызы­на білім үйреткен. Тіпті ашын­­ған тұс­тарында әлгі зымиян сая­сатты жүргізушілер­дің өз ұлты­­мыздың ішіндегі жандай­шап­­тарының бет-пердесін “Қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім сүймейді. Олар кейде қа­зақ­тар­ды, қарсы­лық көрсете алмай – қасқырдың аузында жем бола­тын қорғансыз момын­дар­ды адам­­гер­шіліктің шегінен шыға, арсыз­дық­пен тонайды” деп, А.Бес­­со­нов деген миссионер тура­­лы: “Ол, мұғалім­дер мектебі­нің 3-ші және 4-ші кластарына, оқушы­лардың қарсы болуына қарамас­тан, бір ай бойы Інжіл мен оның па­рыздарын уағыздай бастады. Осы­ның нәти­жесінде, бір жағы­нан, оқу­шылар оқудан бас тарта бас­та­ды. Тіпті өз шәкірт­­терін залым деу сияқты сөзге дейін барыпты” дейді. Міне, Алтынсариннің осын­дай ұлылығын алғаш рет тайға таңба басқандай етіп, жұртқа жет­кізіп, қазақпын деген әр пен­де ұлты үшін Ыбырайдай, Абай­дай еңбек ету керектігін алғаш айтқан Мұхтар Әуезов деген түйін жасай­ды. Қазірде миссио­нер­ліктің небір түрлері өрмекші­дей өріп жүрге­нін, олар құрған торға түскендер аз емес екенін несін жасырамыз. Алтын­сарин заманы оралмасқа кетіп, тәуелсіз ел бол­ған тұста ұл­ты­мыздың ұрпа­ғын ондай зы­миян­дардың арам пиғылынан арашалап алуды бүгін қолға алма­сақ, ертең кеш қалуымыз мүмкін. Ал автордың екінші мақаласы “Аққу шоғырының” айдыны” деп ата­лады. Мұнда қазақтың сөз өне­­рінде өзіндік қолтаңбасы бар, ар­ты­на “Аққу шоғыры”, “Құлан­ның ажалы”, т.б. өлмес мұра қал­­дырған Ақан Нұрманов туралы баянда­лады. Өмірден ерте кеткен қалам­гердің мұрасына ерекше жа­на­шырлық танытқан замандас­тары, соның ішінде қара сөздің майын тамызған айтулы қаламгер Қалихан Ысқақовтың досқа деген адалдығы туралы сүйсіне жазады. Бұл да тәлім алар дүние деп білеміз. Сүлеймен МӘМЕТ.
Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38