«Наурыз» бағдарламасы
Өтінім қабылдау наурыз айына жоспарланған. Пайыздық мөлшерлемесі:
- 7% – әлеуметтік санаттар үшін,
- 9% – қалған азаматтар үшін.
Бастапқы жарна: 10% (аяқталған құрылыс), 20% (бітпеген құрылыс үшін).
Несиенің ең көп сомасы Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Мерзімі – 19 жыл.
Бағдарламаға қатысу үшін соңғы 5 жылда тұрғын үйіңіз болмауы керек. 6 айлық ресми табыс пен зейнетақы аударымдары міндетті және депозитте кемінде 2 млн теңге болуы қажет.
«Ұмай» – әйелдерге арналған ипотека
Бағдарлама жақын уақытта іске қосылады. Тек әйелдер қатыса алады. Отбасылық жағдайы мен үйінің бар-жоғы маңызды емес. Міндетті шарт – соңғы 6 айда ресми табыстың болуы.
Пайыздық мөлшерлемесі – 15%, кейін 5-3,5%-ға төмендейді. Несие 50 млн теңгеге дейін беріледі.
Мерзімі – 25 жыл.
Депутат әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ипотека беру шарттарын жеңілдетуді ұсынды
«Алматы жастары»
Бұл 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама.
- Мөлшерлеме – 5%.
- Бастапқы жарна – 10%.
- Несие: 20 млн тг-ге дейін.
Бағдарлама басқа аймақтарда да қолжетімді.
«Наурыз Әскери»
Әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған жаңа бағдарлама.
- Мөлшерлеме: 9%. 8 жылдан кейін 5%-ға түседі.
- Бастапқы жарна: 0-50%.
- Несие сомасы: Алматы мен Астанада – 36 млн теңге, басқа өңірлерде – 30 млн теңге.
- Егер жарна 20%-дан асса, 80 млн теңгеге дейін алуға болады.
Қазақстанның ипотекалық нарығы: Реформа алдындағы үзіліс