Оқиға • 30 Наурыз, 2022

Ақмола облысында құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Бурабай ауданында құрылыс жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында құрылыс алаңынан адам сүйектері табылды

«Биылғы жылдың 29 наурызында Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Мәдениет ауылында жаңадан салынып жатқан ғимараттың құрылыс жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғандығы туралы хабар түсті. Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында адамның сүйегіне ұқсас 18 сүйек табылды», деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Анықталғандай, сүйек қалдықтары табылған жерде шамамен 35-40 жыл бұрын жеке тұрғын үй болған. Қазір осы учаскеде «Бурабай МҰТП Золотобор орманшылығы» ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр», деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025